Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылатын мектептегі оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары (жалақысы бар толық ставка) бос лауазымына конкурс туралы
Павлодар облысы білім беру басқармасының Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Ертіс №1 орта мектебі» КММ
Мекенжайы: Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қожаберген Батыр көшесі, 19
Жұмыс телефоны: 8 777 934 9871
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Еңбек ақысының мөлшері мен шарттары:
Лауазымдық жалақы – 215 018 теңгеден 261 473 теңгеге дейін.
Бос лауазым – мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылатын мектептегі оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 12 тамыздан 2025 жылғы 20 тамызды қоса алғандағы мерзімде.
Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға көрсетілген мерзімде төмендегі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде ұсынады:
Қосымша 10-ға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш (ҚР БҒМ-нің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 және ҚР ЕХӘҚМ-нің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №432 бірлескен бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерді лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес);
Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген кадр есебі бойынша толтырылған жеке парақша;
Білімі туралы құжаттардың көшірмелері (педагогтарға арналған үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес);
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық жағдайы туралы анықтама (Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы);
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.